• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 800-ге жуық топ- менеджер оқытылды

ҚР «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 800-ге жуық топ- менеджер оқытылды

23 Қыркүйек, 2013 10:58
Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 4 бағыты бойынша «Назарбаев Университетінде» 791 топ-менеджер оқытылды, деп ҚР Аймақтық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Назарбаев Университетінде» 791 топ-менеджер білім алды. «Кәсіптік байланыс» саласы бойынша 1123 кәсіпкер бизнес-тренингтен өтті. Олардың 64-і Германияда, 82-сі АҚШ-та  іс-тәжірибеден өтті», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.

Оған қоса, бағдарламаның қаржылық емес бағыты бойынша «Бизнес кеңесші» курсын 41 мың кәсіпкер өтті. 24 мың кәсіпкерге 85 мыңнан астам қызметтің түрі ұсынылған.

Жалпы бағдарлама бойынша, 2861 жобаны 642 мың теңгеге  субсидиялаған. 21 млрд теңгені құрайтын 204 жоба кепілдендірілген.  

  

Барлық жаңалықтар