- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртуда фин тәжірибесінің берері мол – Қ.Шәмшидинова
Еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртуда фин тәжірибесінің берері мол – Қ.Шәмшидинова
«Оқушылардың білім деңгейін бағалауда тестілеудің алар өзіндік орны бар. Дегенмен бұдан да бөлек жетілген заманауи әдістерден де қапы қалмауымыз керек. Финляндия елі 40 жылдан бері тестілеу жүйесін барынша сирек қолдануда. Фин жүйесінің басты ерекшелігі оқушыларды тесттен жоғары балл алуға ынталандырумен шектелмей, оларды сыни ойлау мен шығармашалыққа баулу», - деді ол.
Оның айтуынша, фин елінің білім беру тәжірибесінің негізінде бәсекелестік емес, әріптестік жатыр. Оқушылар жарыса емес, ұжыммен бірлесе дамуы қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алтыншы «Білім беру саясаты, тәжірибе мен зерттеу» халықаралық конференциясы ұйымдастырылды.
Шарада орта білім мазмұнын жаңғырту, білім беру тәжірибесінде үш тілділікті енгізу, мұғалімдердің ынтымақтаса жұмыс істеуі, 21 ғасыр мектептерінің жаңашыл жақтары, оқу материалдарын әзірлеу тәсілдері секілді мәселелер талқылануда.
Халықаралық шараға Франция, Армения, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Жапония және Ресейдің 500-ден астам өкілі қатысуда.
Бауыржан Мұқанов
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде