- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар 41 пайызға артығымен орындалды
Қызылорда облысында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жоспар 41 пайызға артығымен орындалды
«2011-2013 жылдары аталған бағдарлама аясында облыс бойынша шаруашылық құрылымдары арқылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан 1313,5 млн. теңге несие алып, 7494 бас аналық сиыр және 400 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алды. Осылайша, 3 жылдық жоспар 41,4 пайызға артығымен орындалды», - делінген хабарламада.
Шаруашылықтардың өз қаржылары есебінен ет бағытындағы «Қазақтың ақбас» сиыры тұқымының 100 бас қашары мен 20 бас бұқасын және «ҚазАгроӨнім» АҚ-на еншілес «KazMeat» ЖШС-нен ет бағытындағы мал шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында 37 млн. теңге несие алынып, 210 бас тауарлы сиыр және 7 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынды.
Жыл басынан 42 шаруашылық 320,2 млн. теңге несие алып, 1858 бас аналық және 93 бұқа сатып алды.
Сондай-ақ, өңірде бағдарлама аясында барлығы 5 мың бастық мал бордақылау алаңын салу жоспарланған. Өткен жылы үш шаруашылық өз қаржысы есебінен 750 басқа арналған мал бордақылау алаңын салды.
Бүгінде облыс бойынша есептік номер алған қуаттылығы 1650 басты құрайтын 18 мал бордақылау алаңы жұмыс жасауда.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы