- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ні 80 жылдығымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ні 80 жылдығымен құттықтады
Мерейлі шараға ҚР білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов, Алматы әкімі Ахметжан Есімов, жоғары оқу орынының ұжымы, студенттер, Қазақстандағы елшілік миссияларының басшылары және басқалары қатысты.
Мегаполис басшысы Елбасының құттықтау хатын оқып берді.
«Өткен жылдар ішінде университет республиканың жетекші жоғары оқу орнына айналып, кәсіби техникалық мамандар даярлаудың «ұстаханасы» болуда. Оқу орнының ғылыми және зерттеу орталығы ретінде беделі жоғары, өзінің қалыптасқан дәстүрімен, мықты профессорлық, оқытушылық құрамымен мақтана алады. Мерейлі жылдар ішінде 100 мыңнан астам инженер даярланды, олар отандық ірі өндіріс саласына өз үлестерін қосуда», - делінген жеделхатта.
Өз кезегінде ҚР-ының білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов жоғары оқу орнының индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыруда білімді кадрлар даярлап жатқандығын жеткізді.
«Жоғары оқу орнының Қазақстандағы тұңғыш техникалық зертттеуші университет болып қайта қалыптасуы білім синтезін, ғылым мен инновацияны жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының өнідірістің алдыңғы шебінде еңбек ететін жоғары білімді инженерлер дайындауды қамтамасыз ететіндігіне сенімдімін», - деді білім ведомствасының басшысы.
ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділов тау-кен институтынан жоғары мәртебеге ие Ұлттық Университетке айналудың қаншалықты құрмет екендігін жеткізді.
«Біздің мақтанышымыз әрі байлағымыз - ұшып шыққан түлектеріміз. Олардың арасында 24 генерал, 6 Совет Одағының Батыры және басқалары бар. Түлектеріміз - геологтар, металлургтер, мұнайшылар, энергетиктер қоғамдағы ортақ іске үлес қосуда», - деді ҚазҰТУ ректоры.
Мерейлі шара соңы университет ұжымының мерекелік концертімен аяқталды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады