- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Жекешелендіру бағдарламасы бойынша 2 ұйымның мемлекеттік үлесі жүзеге асты – әкімдік
ОҚО-да Жекешелендіру бағдарламасы бойынша 2 ұйымның мемлекеттік үлесі жүзеге асты – әкімдік
«ОҚО-да Жекешелендіру бағдарламасы бойынша 2014 жылы жекешелендірілуі тиіс 6 ұйымның ішінде «Техникалық инспекция» ЖШС мемлекеттік үлесінің 51 пайызы, «Сәулет және қала құрылысы» ЖШС мемлекеттік үлесінің 50 пайызы сатылды. Қалған 4 ұйым кестеге сай биылғы жылдың соңында аталмыш шараны қолға алмақ. Соның ішінде екеуі электронды бәссаудаға шығарылса, екеуі коммерциялық тендерге тартылады», - дейді облыстық қаржы басқармасы басшысның міндетін атқарушы Исмайылбек Шалабаев.
Әкімдіктің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қатысуымен коммуналдық меншіктегі 28 ұйым мен заңды тұлға және «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ құрамына кіретін 5 ұйым жекешелендірілмек. Солардың арасында 2014 жылы 6 ұйым, 2015 жылы 8 ұйым, 2016 жылы 14 ұйым бәсекелестік ортаға берілмек. Жекешелендірудің екінші толқыны аясында республика бойынша квазимемлекеттік сектордағы 782 ұйым жекешелендірілетін болады. Сонымен қатар, 380 ұйым қайта ұйымдастырылады немесе жабылады. Барлық нысандар электронды сауда арқылы сатылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 11 қазанындағы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында жекешелендірудің екінші толқыны аясында квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелестік ортаға беру туралы тапсырма берілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты