- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Жапония көтермелеу және инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қойды
Қазақстан мен Жапония көтермелеу және инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қойды
«Қазақстан Жапонияны индустриалды-инновациялық саясат аясындағы басымдылық берілетін инвестор ел ретінде қарайды. Айталық, биылғы жылы Қазақстан 10 елге, оның ішінде Жапония үшін де біржақты тәртіппен визасыз режим енгізді», - деді ҚР инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.
Кездесу барысында тараптар екіжақты, әсіресе инновациялар және өнеркәсіп саласындағы,байланыстарды дамыту және нығайтудың қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары, жұмыстың жаңа бағыттары және екі елдің бірлескен жобалары талқыланды.
Үкіметаралық комиссияның отырысы аясында көтермелеу және инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстанда жапондық жетекші компаниялардың жобалары жүзеге асырылды, оның ішінде «Сумитомо» (сирек кездесетін металдар), «Тойота» (автомобиль жасау), «Тошиба» бар. «Иточу» (Тау-кен металлургия кешені), «Мицуи» (химия, жаңа технологиялар), «Марубени» (мұнай технологиясы) және екі логистикалық компанияның жобаларын іске асыру жалғастырылуда. Жапондық компаниялардың көбісі Қазақстанға индустрияландыруды жүзеге асырудың алғашқы бесжылдығы кезеңінде келген болатын.
Бүгінгі келіссөздер барысында медицина, ақпараттандыру және телекоммуникация, металлургия, автоөнеркәсіп және басқа салалардағы бұдан былайғы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Бүгінгі күнге Қазақстан мен Жапонияның арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. доллардан асты. Жапонияның Қазақстанға салған инвестиция көлемі 4 млрд. долларға жетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады