• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Халық IPO» бағдарламасы аясында халық жұмсалмаған ақшаны салу үшін жаңа мүмкіндіктер алады

«Халық IPO» бағдарламасы аясында халық жұмсалмаған ақшаны салу үшін жаңа мүмкіндіктер алады

23 Қазан, 2014 15:18
Астана қаласының Статистика департаментінің қызметкерлері үшін «Нұр отан» Партиясының саясат менеждмент мектебінің өкілдері «Нұр отан» партиясының Астаналық қалалық филиалымен бірге «Халық IPO» бағдарламасының мақсаттарын түсіндіру бойынша дәріс өткізді, деп хабарлады департамент.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Халық IPO» бағдарламасын халықтың жинаған қаржыларын инвестициялау мен көбейтудің ең маңызды құралы деп белгіледі. 2014 жылы Бағдарламаның екінші кезеңі жүзеге асырылады, оның шеңберінде қазақстандықтарға «KEGOK» АҚ акцияларын сатып алуға болады», - делінген хабарламада.

Өкілдер айтқандай, «Халық IPO» қазақстандықтарды қор нарығының қызметіне араластыра отырып, олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

«Халық IPO» Бағдарламасын жүзеге асырумен халық жұмсалмаған ақшаларды салу үшін жаңа мүмкіндіктер алады. 

Барлық жаңалықтар