- Басты
- Жаңалықтар
- Дүниежүзілік банк Қазақстанның стратегиялық серіктесі – Н.Назарбаев
Дүниежүзілік банк Қазақстанның стратегиялық серіктесі – Н.Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банк Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін, онымен біздің еліміз тәуелсіздік алған кезеңнен бері ынтымақтасып келе жатқанын айтты.
«Сіздің банктің бағалауы бойынша, Қазақстанда бір кездері 35 пайыз болған, табысы күнкөріс шегінен төмен халықтың үлесі 3 пайыздан төмен көрсеткішке дейін қысқарды. Біз мұны үлкен жетістік санаймыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ш.Индравати өз кезегінде Қазақстанның өңірлік және жаһандық ықпалдастық саласындағы ілгерілеуін атай отырып, біздің еліміз су және энергетика ресурстарын пайдалануды өңірлік реттеу мәселесінде маңызды рөл атқаратын болады деп үміттенетінін жеткізді.
«Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастық өте табысты жүзеге асырылуда және ол экономиканы әртараптандыруға, орнықты даму бөлігіндегі ілгерілеуді күшейтуге атсалысуға бағытталған. Серіктестік туралы негіздемелік жаңа келісімге қол қою және осы келісімнің аясында түрлі халықаралық ұйымдардың жұмысын үйлестіру біз үшін өте маңызды», – деді Ш.Индравати.
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына 1992 жылы қосылды. Сол уақыттан бастап, 41 жобаны жүзеге асыру үшін жалпы мөлшері 6,8 миллиард доллар ұсынған Дүниежүзілік банк еліміздің даму мәселелері жөніндегі ірі серіктесіне айналды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары