- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылордадағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінде болды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылордадағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінде болды
Мектепті аралау барысында Қазақстан Президенті өңірдегі білім беру саласын дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етілді.
Мемлекет басшысы мектеп үшін басымдықтардың бірі дарынды оқушыларды таңдай білу мен оқыту екенін атап өтті.
– Ғылымның болашағы – биологияда, ол келешекте ең маңызды жетістіктерге қол жеткізеді. Болашақ биологтарды даярлау – болашақ ғалымдарды даярлау деген сөз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы еліміздің білім беру жүйесіндегі маңызды бағыттарды да айқындап берді.
– Бірінші кезекте апатты жағдайдағы мектептер проблемасын шешу қажет. Екіншіден, үш ауысыммен оқытуды жою керек. Үшіншіден, мектепке дейінгі білім беруге баса көңіл бөлу қажет. Талантты балаларды дәл сол жерден табу керек. Облыста балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз дерлік қамту – өте жақсы нәтиже. Сондықтан мен барлығыңызға табыс тілеймін және мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын оқу жылының басталуымен тағы да құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті.
Жас педагогтермен әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев оларды конкурстан сәтті өтулерімен және мектептегі жұмыстарының басталуымен құттықтады.
– Мектептер салу аса қажеттілік болып саналады, өйткені болашақты білім деңгейі анықтайды. Өзінің дамуында жетістікке жету үшін еліміз білімді жастарды өсіргені жөн. Мектеп түлектері барлық жағынан үздік болып, Қазақстанның және бүкіл әлемнің жетекші оқу орындарына түсуге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Заманауи компьютерлік жүйемен, мультимедиялық кабинеттермен, интерактивтік тақталармен және инновациялық бағдарламалық жүйелермен жабдықталған Қызылорда қаласындағы мектеп биыл облыс бойынша 553 дарынды оқушыны қабылдады.
Бұған қоса, Мемлекет басшысы облыс орталығын абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстың нәтижесімен танысты.
Мемлекет басшысының жұмыс сапары ертең бірқатар нысандарды аралауға және өңір жұртшылығы өкілдерімен кездесуге жалғасады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады