- Басты
- Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері талқыланды
Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері талқыланды

«Ағымдағы жылдың 22 қазанында Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Навстречу переменам» қайырымдылық қоры қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің, іскерлердің, мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор өкілдерінің қатысуымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік» атты республикалық конференциясын өткізді», - делінген хабарламада.
Хабарланғандай, конференция әлеуметтік кәсіпкерлік негізі бойынша тәжірибе алмасудың ақпараттық алаңына айналды. Қатысушылар біздің еліміздегі берілген бизнес үлгісінің даму мәселелерін талқылады, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша негізгі жобаларды және қазақстандық экономикадағы олардың рөлін атап өтті, және де қайырымдылық мәдениетінің мәселелерін мәнсіз қалдырмады.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда әлеуметтік жобаларды құруда қызығушылық танытқан адамдар санының артуын байқауға болады. Менің ойымша, кез келген әлеуметтік маңызды жобаны іске қосар алдында біздің еліміздегі құбылыс ретінде әлеуметтік бизнес дамуының маңызды сәттерін білу қажет, шетелдік тәжірибені есепке алып бұл саладағы сарапшылар мен бизнес-консультанттармен пікір алмасу қажет. Бұл конференция әлеуметтік бизнес саласындағы стейкхолдерлердің басын біріктіретін дәл осындай алаңға айналды», -деп ағыжан жарылды Болашақ бағдарламасының түлегі Гүлзира Амантұрлина.
Спикерлердің бірі - «Болашақ» бағдарламасының түлегі Тұрғанжан Қасымов Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті алға жылжытумен айналысады. Жуырда ғана ол «Жолың болсын, балақай!» жобасына бастамалық етті. Жоба шеңберінде Астананың бірнеше шағын аудандарында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустардың орнатылуы басталды. Жоба демеушілері ретінде қатысқан бірнеше тәуелсіз қайырымдылық қорлар жобаны қолдады. Тұрғанжан Қасымовтың пайымдауынша, бизнес өкілдері тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын санаттарға қажетті назар аударуы тиіс, әлеуметтік бизнес және елімізде қайырымдылық мәдениетін дамыту қажет.
Сонымен қатар, конференция барысында «Болашақ» қауымдастығының «Өзіңнен баста!» әлеуметтік маңызды жобалар конкурсына қатысқан «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің ең мықты деген әлеуметтік жобаларының марапатталуы өтті. «Жеті Ата» атты этно-мәдени жобасымен Дарья Омарова конкурс жеңімпазы атанды. Конкурсқа барлығы 32 жоба қатысты.
-
COVID-19: Қызыл аймақтағы өңірлер, «Ashyq» пилоттық жобасы және вакцинациялау мәселелері
-
Жеке деректері қорғау, WebTotem қызметі және ЭЦҚ мәселелері
-
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда
-
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары артты
-
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері
-
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды
-
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: нәтижелер, мемлекеттік гранттар, микрокредиттер
-
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады
-
Цифрландыру: Әлеуметтік қызметтің 91%-ы электронды түрде көрсетілді
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
ДСМ: «Биологиялық қауіпсіздік» заңы, медқызметтер тарифі және елдегі вакцинациялау мәселелері
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері
-
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды

