- Басты
- Жаңалықтар
- 700-ден астам әскери қызметші кәсіби біліктілігін арттыруда (Фото)
700-ден астам әскери қызметші кәсіби біліктілігін арттыруда (Фото)
«Кәсіби сынаққа Қазақстан Қарулы Күштері әскер тектері мен барлық өңірлік қолбасшылықтардан 700-ден астам әскери қызметші қатысуда.Биылғы жылғы экспресс-теске Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары бірінші рет қатысуда», - делінген хабарламада.
Болашақ офицерлер мерзімді қызметтің сарбаздарымен және келісім шарт бойынша қызметтің өкілдерімен бір қатарда өздерінің жауынгерлік даярлықтарын көрсетуде.
Бұл күндері Құрлық әскерлерінің бөлімшелері емтиханның жартысынан астамын тапсырып үлгерді, сынақтардың соңында командирлер жауынгерлік даярлықтың деңгейіне баға беріп, дайындығы жоғарыларды атап өтетін болады.
«Барлық мамандықтағы жауынгерлердің кәсібилігін арттыруға бағытталған, сондықтан «әрбір жауынгердің алдында шеберлік қасиеттерін көрсетіп, өз бөлімшесін жеңіс тұғырына көтеруге сүбелі үлес қосу міндеті тұр», -деді ҚР ҚК Құрлық әскерлері Жауынгерлік даярлық Бас басқармасы бастығының орынбасары генерал-майор Сәбит Құдайбергенов.
Әскери қолданбалы жолақтан жүріп өту, 5 шақырымға толық әскери жабдықпен, қару-жарақпен күрделі жерлермен жүгіру маңызды сынақтардың бірінен саналады.
Айта кетейік, экспресс-тест тапсыруға қатысушылардың құрамын әскери бөлім командирлері емес, Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы бекітетіндігін еске саламыз. Сол себепті сайыстарға кездейсоқ әдіс арқылы іріктелген, әдейі дайындалмаған әскери қызметшілер қатысуды. Осы әдіс арқылы өңірлік қолбасшылықтардағы, әскер тектеріндегі және әскери бөлімдердегі жауынгерлік даярлық шынайы бағаланатын болады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты