Қызылордада 103 көшенің жол төсемі жөнделді - әкімдік

23 Қазан, 2014 09:16
Қызылордада жаз мерзімі мен қыркүйектің соңы аралығында жол жөндеушілер 103 қалалық көшенің төсемін қалпына келтірді, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Бұған қоса, қалалық әкімдіктің ақпаратынша, 31 көшеде заманауи жарық жүйесі қалпына келтірілсе, қаланың түрлі аудандарында 37 типті балалар ойын алаңы орнатылған. 

«Әлеуметтік маңызы бар көптеген жобалар аяқталды. Мысалға, күрделі жөндеуден кейін 18 білім нысаны пайдалануға берілді, қазіргі заман талабына сай перинаталды орталық салынып бітті», - дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен. 

Сондай-ақ Қызылордада барлық 3 қалалық мәдениет үйі де күрделі жөндеуден өтуде. 

 

Барлық жаңалықтар