- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанға 283 миллион еуродан артық пайда әкеледі
ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанға 283 миллион еуродан артық пайда әкеледі
Оның хабарлауынша, ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде коммерциялық жұмыстан 283 миллион еуродан астам пайда түседі. Аталған сомманың 81 пайызын демеушілік пен билет сатудан түсетін ақша құрайды деген жоспар бар.
Жалпы, адамдар көрмеге 5 миллион рет келіп кетсе, билет сатудан 82 миллион еуродан астам ақша түседі. Ержан Мейрамовтың сөзіне қарағанда, демеушіліктің төрт деңгейі белгіленбек. Соманың көлеміне қарай сан алуан жеңілдіктер беріледі.
«Демеушілер үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Оған қоса, олар өз тауарлары мен қызметтерін емін-еркін сата алады», - дейді Е.Мейрамов.
Жалпы, көрменің коммерциялық жоспары мемлекет шығындарын барынша азайтып, кіріс жағын жан-жақты ұлғайтуды көздейді. Ал жоспардың барлық іс-шаралары Халықаралық көрмелер бюросының барлық ережелеріне сай болады.
«Негізі, Халықаралық көрмеге дайындық жұмыстары аясында отандық бизнесті дамытуға қажетті жағдай жасалады. Осыны ерекше атап өткен жөн. Мәселен, жалпы тамақтану қызметтерін ұсынуға, бөлшек сауда, электронды коммерция, қонақ үй мен туристік бизнесті жүргізуге, концерттер мен сан алуан ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға әбден болады», - деп атап көрсетті департамент басшысы.
Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші кездесуі - Париждегі Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155 сессиясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін Қазақстанда өткізу туралы ресми шешім қабылданғаннан кейінгі алғашқы шара. Форумға Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) басшылығы, ЭКСПО Комиссары хатшылығының қызметкерлері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми шақыру алған 86 елдің 200-ден астам өкілі қатысуда.
Бауыржан Мұқанов
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді