- Басты
- Жаңалықтар
- Астана ғаламшардағы «топ-21» ақылды қалалар тізіміне кірді – Н.Назарбаев
Астана ғаламшардағы «топ-21» ақылды қалалар тізіміне кірді – Н.Назарбаев
«Кездесу алдында, қалалық мәслихаттың сессиясында Астана қаласының әкімі лауазымына Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасы депутаттармен келісілді», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Астана активімен кездесу барысында И.Тасмағамбетовтің қорғаныс министрі болып тағайындалғанын айтты.
«Ол көп жылдардан бері менің қасымда жұмыс істеп келеді, көптеген лауазымдарды атқарды. Барлық жерде жұмысты бүге-шігесіне дейін зерделеп, мықты ұжым қалыптастырып, қойылған міндеттерді орындады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы И.Тасмағамбетовтің қалаға басшылық жасаған кезінде Астана айтарлықтай жаңарғанын да атап өтті.
«16 жылда біз жаңа елорда салып қана қойғанымыз жоқ, еліміздің тұрғындарымен қатар дүние жүзінен келетін қонақтарды да таңдандырып, тамсандыратын қала жасадық. Бүгін Астананың ғаламшардағы «топ-21» ақылды қалалар тізіміне кіргені мәлім болды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елорданың жаңа әкімі болып Әділбек Жақсыбеков тағайындалғанын айтты.
«Конституцияға сәйкес, мен мәслихаттың келісімін алып, Әділбек Жақсыбековті Астана әкімі етіп тағайындадым. Бұл кісі 1997 жылы қаланың алғашқы мэрі болды. Ол қандай салада жұмыс істесе де, барлық міндеттерді игерді», – деді Мемлекет басшысы.
И.Тасмағамбетов пен Ә.Жақсыбеков сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына алғыстарын айтып, алдарына қойған барлық міндетті шешу үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтты.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі