- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазжолҒЗИ дайындаған жаңа технологиялар жол саласы құрылысында кеңінен қолданылуда- М.Пішембаев
ҚазжолҒЗИ дайындаған жаңа технологиялар жол саласы құрылысында кеңінен қолданылуда- М.Пішембаев
Шараға Автомобиль жолдары комитетінің, қазақстандық жол саласы ұйымдарының басшылары, ТМД елдерінің осы саладағы алдыңғы қатарлы мамандары қатысты. Сырттан келгендер институт зертханасымен танысып, Алматы-Қапшағай автомобиль жолының құрылыс жүріп жатқан учаскесін аралап көрді, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.
«ҚазжолҒЗИ-дың білікті мамандар даярлауға айрықша көңіл бөлетіндігі аса маңызды. Институт жанында мамандарды даярлау мен қайта даярлаудан өткізетін Оқу орталығы бар. Бүгінгі күнге дейін орталықта 11 бағыт бойынша 867 маман қайта даярлаудан өтті. Сонымен қатар, ҚазжолҒЗИ жол саласы құрылысында кеңінен қолданылып отырған жаңа технологияларды сынақтан өткізіп отыр», – деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев.
Мұның сыртында, шара барысында Қазақстан, Ресей, Белорусь және Украина елдеріне арналған «Автомобиль жолдарындағы жол жамылғыларын жобалау» атты жаңа нормативтік құжат жөніндегі Жұмыс тобының ғылыми мәжілісі болып өтті.
ҚазжолҒЗИ АҚ президенті Бағдат Телтаевтың айтуы бойынша, жолдарды жобалауға деген көзқарас кеңестік кезең елдерінде 50 жылдан астам уақыттан бері жаңармаған, сондықтан да қазіргі қолданыстағы нормаларды жаңарту туралы шешім қабылданды. ҚазжолҒЗИ АҚ бұл үдеріске белсенділікпен араласып келеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары