• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандағы бұқаралық спорт болашағын халықаралық сарапшылар талқылайды

Қазақстандағы бұқаралық спорт болашағын халықаралық сарапшылар талқылайды

22 Қазан, 2014 16:27
Астанада 2014 жылдың 23-25 қазан күндері аралығында «Бұқаралық спорттың дамуының заманауи тенденциясы: проблемалары мен шешімдері» атты халықаралық конференция өтеді.

Конференция Қазақстан, Ресей, Украина мен Беларуссия елдерінің спорттық қозғалысты дамыту саласындағы ғылым мен тәжірибенің  жетекші өкілдерінің   басын қосады.

«Қазақстан Президенті өзінің тапсырмаларында біз жергілікті жерлерде, оның ішінде шалғайда орналасқан елді мекендердің инфрақұрылымдарына көбірек көңіл бөлуіміз керек дейді. Бұл мәселелерді шешу жолдары аталмыш кеңесте қаралатын болады. Шетелдік сарапшылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын беретін болады»,- деді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт комитетінің төрағасы Е.Қанағатов.

Е.Қанағатовтың айтуынша, халықаралық форумның қорытындысы бойынша сарапшылар аталмыш саладағы қордаланған мәселелерді шешудің жаңа  жолдарын жасақтайды. Бұқаралық спортты дамытудың жаңа ғылыми бағыттары да қаралатын болады.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар