- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде 4 тақырыптық павильон ашылады – М.Нұрахметова
Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде 4 тақырыптық павильон ашылады – М.Нұрахметова

«ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» маңызды жаһандық энергетикалық қауіп-қатерлерді қамтып, келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр. Атап айтар болсақ, олар: жаһандық жылымық пен климаттың өзгеруі, экономикалық даму жағынан барлық мемлекеттерге тең жағдай жасау, энергетикалық қауіпсіздік пен табиғи ресурстарды тарату, су ресурстарын қолжетімді ету, жер-жаһанның биологиялық әралуандылығын сақтау және әділдік негіздерін ілгерілету және энергияға қол жеткізу», - дейді.
Оның айтуынша, ЭКСПО-2017-нің тақырыбы үш бөлімнен тұрады. Олар - «CO2 қалдықтарын азайту», «Энергия үнемдейтін өмір салты» және «Барлығына арналған энергия».
«Мәселен, «CO2 қалдықтарын азайту» бөлімі атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газ қалдықтарын азайтып, «таза» технологияларды кеңінен пайдалану мәселесінің өзектілігін аша түседі. «Энергия үнемдейтін өмір салты» бөлімінде минимум энергияны тұтыну арқылы максимум нәтижеге жетуге баса назар аударылады. Ал «Барлығына арналған энергия» бөлімінде электрэнергияға қол жеткізу адамның негізгі құқығы мен қажеттілігі ретінде қарастырылады. Әсіресе, дамыған мемлекеттерде бұл мәселе өзекті болып тұр», - дейді Нұрахметова.
Сондай-ақ, ол ЭКСПО-2017 көрмесінде төрт тақырыптық павильон ашылатынын тілге тиек етті.
«Энергия әлемі» павильонында қазіргі энергетика саласының көкейкесті мәселелері көрсетіледі. Соның ішінде қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарды азайту, дәстүрлі энергия көздерінің улы заттарын барынша қысқарту, климаттың өзгеруі, экологиялық таза және баламалы энергетиканы дамыту мәселелері бар», - дейді.
«Өмірге қажетті энергия» павильоны өмір мен энергия арасындағы тікелей байланысты, энергия мен биологиялық тіршілік бір-біріне қаншалықты тәуелді екенін көрсетеді.
«Барлығына арналған энергия» павильонында адамзат үшін энергияға қол жеткізудің жолдары таныстырылады. Ол жерде энергия көздерін қолжетімді ету мәселесі көтеріледі.
«Менің болашақ энергиям» павильоны «Болашақ энергиясы» деп аталған энергияның негізгі мәселелерін шешуге, ондағы адамның рөліне ерекше көңіл бөлінбек.
Бұдан бөлек, көрмеде Үздік тәжірибелердің аймағы ұйымдастырылады. Онда энергетика саласындағы үздік технологиялар мен жобалармен танысуға мүмкіндік бар.
Бауыржан Мұқанов
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев
-
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы
-
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты
-
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз
-
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды
-
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу
-
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды
-
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»
-
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер
-
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды
-
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет

