• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Литва Минералды тыңайтқыштар зауытының құрылысы туралы келісімге қол қойды – Қаржы министрлігі

Қазақстан мен Литва Минералды тыңайтқыштар зауытының құрылысы туралы келісімге қол қойды – Қаржы министрлігі

22 Қазан, 2014 17:02
Экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша іскерлік кеңестің кездесуінде Қазақстан мен Литва Вильсон қаласындағы Литва өнеркәсіпшілерінің конфедерациясында «ҚазФосфат» ЖШС мен «ARVI» арасында минералды тыңайтқыштар өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

«Вильнюс қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы өтті. Отырыс барысында көлік және коммуникация, ақпараттық коммуникациялар технологиясы, энергетика, білім және ғылым, денсаулық сақтау, туризм, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, геодезия және картография, мемлекеттік қызмет, кедендік іс, сонымен қатар тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы Қазақстан мен Литва арасындағы екіжақты ынтымақтастық бағыттарының бүгіні мен болашағы талқыланды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазақстандық делегациясының Литваға сапары аясында Литва өнеркәсіпшілерінің конфедерациясында экономикалық және сауда ынтымақтастығы бойынша іскерлік кеңес кездесуі өтті. Тараптар бизнес қауымдастық сапарлары алмасуы жолы арқылы сауда қатынастарын дамыту, халықаралық көрмелерге бірлесе қатынасу маңыздылығын айтты. Кездесу барысында «ҚазФосфат» ЖШС мен «ARVI» арасында минералды тыңайтқыштар өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге қол қойылды.

Ведомствоның хабарлауынша, тараптар елдер арасында жүк айналымы көлемін арттыру бойынша бірлескен жұмыстарды жандандыруға келісіп, тасымал саласының бірлескен жобаларын құрудағы көлік-транзиттік саласындағы келісімге қол жеткізілді. Соның ішінде қос бағытта да жүк айналымы тарифына да қатысты мәселе қаралды.

Хабарламада айтылғандай, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық бағдарламасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң үдерісі байқалуда. Өз кезегінде литвалық тарап білім және ғылым, медицина, инженерлік-техникалық ғылымдар, ақпараттық технология мен экономика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытуда.

 

Барлық жаңалықтар