• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 47 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

ҚР моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 47 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

22 Қыркүйек, 2013 12:16
Қазақстанда Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 25 мың жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 47 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, деп Аймақтық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Бағдарлама бойынша әкімдіктер кем дегенде 1 жоба ұсынуы тиіс. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 950 млрд теңгені құрайтын 47 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол 25 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етеді», - деп ведомство хабарламасында жазылған.

2013 жылдың 1 қыркүйегінде 47 жобаның 9-ы Степногорск, Хромтау, Жезқазған, Арқалық, Екібастұз қалаларында  эксплуатацияға жіберілді.

Ал 32 жоба құжаттандыру мен қондырғылау дәрежесінде тұр.

 

 

 

Барлық жаңалықтар