• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еркін сауда аймағын құру Қазақстан мен Египет арасындағы ынтымақтастықты күшейте түседі-ҰЭМ

Еркін сауда аймағын құру Қазақстан мен Египет арасындағы ынтымақтастықты күшейте түседі-ҰЭМ

22 Қазан, 2014 16:47
Біз Кеден одағы мен Египет елдері арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы ұсынысты қолдаймыз, деді инвестициялар және даму министрі Ерболат Досаев Египеттің индустрия және шағын орта бизнес сауда министрі Мунир Фахри Абдельиен кездесу барысында.

Ерболат Досаев Египеттің Индустрия және шағын және орта бизнес саудасы министрімен кездесу барысында еркін сауда аймағын құру елдер арасындағы екі жақты ынтымақтастыққа елеулі күш береді және алдағы уақытта сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзара тиімді дамуына оң жағдай туғызатынын атап өтті, деп хабарлады министрлік.

2014 жылғы 8 ай қорытындысы бойынша Қазақстан мен Египет арасындағы сауда айналымы $50 млн. дейін жетті.

2015 жылы Қазақстан мен Египет сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысын өткізуді жоспарлады, ол экономистердің болжамдары бойынша елдер арасындағы сауда айналымының артуына ықпал ететін болады.

 

Барлық жаңалықтар