- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 тақырыбы үш саланы бірдей қамтиды -Т.Ермегияев
ЭКСПО-2017 тақырыбы үш саланы бірдей қамтиды -Т.Ермегияев
«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде таңдалып отырған «Болашақтың энергиясы» мәселесі тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік және энергетика тапшылығы мәселесін қамтиды. Осы орайда аталмыш шараның әлем жұртшылығын мазалап отырған осы үш саланың да дамуына серпін беретініне сенімдіміз», - деді Т.Ермегияев.
Оның айтуынша, Қазақстанның ұйымдастыруымен көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өтетін көрме одан кейінгі жылдары да адамзаттың мұрасы болып қала бермек.
«ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру үшін Қазақстанда барлық қажетті әкімшілік және материалдық ресурстар бар. Осыны халықаралық қатысушыларға жеткізу – бүгінгі жиналыстың басты мақсаты. ЭКСПО сияқты жобаларға жоғары халықаралық талаптар қойылады. Біз сол талаптардың барлығын сақтай отырып, өз көрмемізді өткізе аламыз», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.
Айта кетейік, аталмыш шара Париждегі Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155 сессиясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін Қазақстанда өткізу туралы ресми шешім қабылданғаннан кейінгі алғашқы шара.
Екі күндік форумға Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) басшылығы, ЭКСПО Комиссары хатшылығының қызметкерлері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми шақырту алған 86 елдің 200-ден астам өкілі қатысуда.
Бауыржан Мұқанов
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда