- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Операда» тұсаукесерлер тізбегі «Травиата» операсынан басталады
«Астана Операда» тұсаукесерлер тізбегі «Травиата» операсынан басталады
Спектакльдің интернационалдық құрамын жасақтайтын атақты опера әншілері сахнаға 22 және 24 қазанда шығады, деп хабарлады МСМ.
«Виолетта– Екатерина Баканова (Ресей), Альфред – Винченцо Костанцо (Италия), Жорж Жермон – Симон Пиаззола (Италия)», - делінген хабарламада.
Тұсаукесердің екінші күнінде, 23 қазанда, «Травиатаны» «Астана Опера» театрының жетекші солисттері шырқайды. Барлық әртістер кастингтен өтіп, білікті әділ қазылар алқасы олардың ең үздігін таңдады.
Осылайша, Виолеттаны Әлфия Кәрімова, Альфредті Медет Шотабаев орындайды, Жорж Жермон – Талғат Мұсабаев. Үш күн бойы дирижерлық тізгінде – шақыртылған дирижер, маэстро Франческо Иван Киампа (Италия).
««Травиата» – Дж. Вердидің ең үздік және әйгілі операсы. Онда тоғысқан әуен әсемдігі мен вокалдық партиялар көрерменге үстемдік етіп, бірнеше сағат бойы оларды өзге әлемге әкетеді», - делінген хабарламада.
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады -
Мектепке барып оқу қашан басталады -
COVID19 бен тұмауға қарсы екпе жасату ерте басталады -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну 13 маусымда басталады -
Astana Hub-та «Инвестор мектебі» онлайн курсы басталады -
Президенттік қолдау: Түркістан облысында 15 мың теңге жәрдемақыға өтінім беру 1-мамырдан басталады -
Бас мүфти: Қазақстанда Рамазан айы 24 сәуірде басталады -
Театр әр үйде: «Астана Опера» тілдесуге шақырады -
«Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі -
«Астана Операда» «Коппелия» күлдіргі балетінің премьерасы өтті