• Басты
  • ЭКСПО көрмелерінің мақсаты- адамзат болашағына үкімет пен халықаралық ұйымның назарын аудару – В.Лоссерталес
22 Қазан, 2014 12:34

ЭКСПО көрмелерінің мақсаты- адамзат болашағына үкімет пен халықаралық ұйымның назарын аудару – В.Лоссерталес

ЭКСПО көрмелерінің мақсаты -адамзат болашағына үкімет пен халықаралық ұйым назарын аудару. Үкімет пен халықаралық қауымдастықтардың және ұйымдардың әріптестік таныта отырып ұйымдастырған шараларына қоғамның әр мүшесінің де белсенді қатысуы маңызды, деп мәлімдеді бүгін Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші кездесуінде.
ЭКСПО көрмелерінің мақсаты- адамзат болашағына үкімет пен халықаралық ұйымның  назарын аудару – В.Лоссерталес

«Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің болашақтың энергиясы тақырыбына арналуы болашақтағы адамзаттың алдынан көлденеңнен кездесетін қуат көздерінің тапшылығын шешіп, тұрақты дамуына серпін береді деген үміттеміз. Осы орайда Астана ЭКСПО-2017 нысандарының болашақта әлемдік деңгейдегі адамзаттың мұрасына айналары сөзсіз», - дейді Бас хатшы.

Оның айтуынша, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан жаһандық шара ұйымдастыруға мүмкіндігі жететінін дәлелдеді.

«ЭКСПО көрмелері арқылы мемлекеттердің көрмені ұйымдастырушы өңірге назары ауатыны анық. Қазақстанның осы тұрғыда жас Астана мен ондағы инновациялық идеяларға әлемнің назарын аудару мүмкіндігіне ие болып отыраны анық. Аталмыш көрме адамзаттың күн тәртібіндегі мәселелерін шешуге үлес қосумен шектелмей, ұйымдастырушы елдің мәдени және саяси артықшылықтары мен жетістіктерін халықаралық қауымдастыққа танытуда таптырмас мүмкіндік береді», - дейді ол.

Сонымен қатар, Халықаралық көрме бюросының бас хатшысы ЭКСПО көрмелері тек салалық мәнге ие шара емес, мұндай айтулы оқиғаларға көпшіліктің назарын аудару маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу дайындығымен танысу мақсатында кеше Астанаға Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес келген болатын. Сапар барысында Бас хатшы Астанадағы көрме қарсаңында қолға алынып жатқан шаралармен танысып, дайындық деңгейіне жоғары баға берді.

«Құрылыс жұмыстары жоғары қарқынмен жүріп жатыр, тіпті кестеден озып кеткен десе де болады. 25 жылдық қызметімде нысандар құрылысының жедел жүргізіліп, өз деңгейінде өткізілгенін алғаш көріп отырғанымды жасырмаймын. Алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің жемісті өтетініне сенім мол», - дейді Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы В.Г.Лоссерталес.

Бауыржан Мұқанов

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды