«Ырыс» бағдарламасы бойынша 260,1 млн теңгенің 8 жобасы қаржыландырылды

22 Қазан, 2014 18:13
«ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «Ырыс» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бүгінгі таңда Қор тарапынан 260,1 млн. теңгеге 8 жоба қаржыландырылды.

«Агробизнес – 2020» салалық бағдарламаның аясында ірі қара малдың 50 және 100 басына арналған сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту бойынша жобалар қаржыландырылады.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша қараражат ІҚМ сүтті асыл тұқымды аналық мал басы мен қажетті техника, құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаевтың айтуынша, несиенің максималды сомасы – 60 млн. теңгеге дейін, мерзімі – 7 жылға дейін, сыйақы үстемесі – субсидиялауды есептегенде, жылына 4%, субсидиясыз – 11%.

«Қарыз алатын заңды немесе жеке тұлға төлеу қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылықты көрсетіп, салық және бюджетке басқа да төлемдер бойынша, екінші деңгейдегі банкілер мен басқа да қаржылық институттарына мерзімі өткен берешегі болмау керек», - делінген хабарламада.

Жалпы, 2014 жылы отбасылық сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейтуге «Ырыс» бағларламасы бойынша 1 млрд. 281 млн. теңге бөліну жоспарланған. 30 жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2 мыңнан астам сүтті ірі қара мал сатып алынады деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар