- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесі жаңартылмалы қуат көздері саласындағы жетістіктер алаңы болады – Б.Сағынтаев
ЭКСПО-2017 көрмесі жаңартылмалы қуат көздері саласындағы жетістіктер алаңы болады – Б.Сағынтаев
«Халықаралық көрмеге дайындық жұмыстары өз деңгейінде кестеге сай жүріп жатыр. Елбасы ЭКСПО көрмесінің әлемдік деңгейдегі маңызын ескере отырып, Үкіметтің осы мақсатта қарқынды жұмыс істеуін өз бақылауына алған. Өзі бастап нысандар құрылысында болып, 2017 жылы аталмыш шараны абыроймен атқаруды тапсыруда», - дейді Б.Сағынтаев.
Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі жаңартылмалы қуат көздері саласындағы жетістіктер ұсынылатын алаң болмақшы. Оның тақырыбы «Болашақтың энергиясы» мәселесі де бүгінгі таңда адамзатты алаңдатып отырған дүниелердің бірі.
«Бүгінде бұл тақырыптың әлемдік қауымдастық пен адамзаттың назарын аударып отырғаны рас. Дәстүрлі қуат көздерінің түгесілер шағында адам баласының баламалы қуат көздерін қолға алуы заңды. Осы орайда Астанадағы ЭКСПО көрмесі осы саланың әлемдік деңгейде дамуына серпін берері анық», - дейді ол.
Айта кетейік, аталмыш шара Париждегі Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155 сессиясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін Қазақстанда өткізу туралы ресми шешім қабылданғаннан кейінгі алғашқы шара.
Екі күндік форумға Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) басшылығы, ЭКСПО Комиссары хатшылығының қызметкерлері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми шақырту алған 86 елдің 200-ден астам өкілі қатысуда.
Бұдан былай Астанадағы Халықаралық қатысушылардың жиналысы ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанша жыл сайын өткізілетін болады.
Бауыржан Мұқанов
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады