• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында ҮИИД МБ аясында жаңа алкогольсіз сусындарды шығаратын зауыт ашылады

Алматы облысында ҮИИД МБ аясында жаңа алкогольсіз сусындарды шығаратын зауыт ашылады

22 Қазан, 2014 16:03
Алматы облысында ағымдағы жылдың 25 қазанында ҮИИД МБ аясында салынған жаңа алкогольсіз сусындарды шығаратын зауыт «Тerra Nova»ЖШС ашылады, деп хабарлады «Даму» қорынан.

Комания басшысы Жауғашты Набиеваның айтуынша, жобаны жүзеге асыру 2013 жылдың көктемінен басталды. Оған 3,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 90 жұмыс орны ашылды. Ал, бас қаржы серіктесі ретінде «Сбербанк России» АҚ ЕБ қатысса, Алматы облысы бойынша  «Даму» қоры тарапынан бағдарламаға субсидиялау және инфрақұрылымды тарту салаларында көмек көрсетілді.

«Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 70 млн литрден асады. Тереңдігі 350 метр болатын скважиналар жоғары сапалы сумен қамтамасыз етеді. Оның үстіне, су тазарту технологиясы да заман талаптарына сай. Жалпы, кәсіпорын CIP толығымен автоматтандырылған жүйесінің құралдарымен жабдықталған. Тіпті, оның жеке жаңа рецептерді ойластыруы үшін арнайы зертханасыда бар»,  - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, аталмыш жоғары технологиялы зауыт тек Қазақстанның ғана емес, әлем нарығындағы талаптарға сай келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Terra Nova»  компаниясы («Қазақстан Коммерция» АҚ еншілес компаниясы) Sinalco-ның Қазақстанда өндіруге және таратуға эксклюзивті франшизасына қол жеткізді. 

Барлық жаңалықтар