- Басты
- Жаңалықтар
- 600-ден астам медицина маманы шетелде білімін арттырды– ДСӘДМ
600-ден астам медицина маманы шетелде білімін арттырды– ДСӘДМ
ҚР Президентінің «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына барған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекова бүгін Семейде Медициналық университеттің Медициналық орталығының кардиохирургиялық бөлімінде, консультативтік-диагностикалық орталықта болып, медициналық университеттің жоғары курс студенттерімен кездесу өткізді.
«Денсаулық сақтау және медициналық білім - ең серпінді салалардың бірі. Онда ауруларды диагностикалау мен емдеу әдістері туралы ақпараттың 20 пайыздан астамы жыл сайын жаңарып отырады. Жаңа технологиялар енгізіліп, жаңа дәрілік препараттар шығарылуда. Осыған орай науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктелетін дәрігерлерге қойылатын талап да арта түсті», - деді С.Қайырбекова.
Осыған орай бірінші вице-министр медициналық ЖОО мен колледждер түлектерінің және жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің білімдері мен машықтарын тәуелсіз бағалау институты енгізілгенін атап өтті. Мұндай бағалау симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, арнаулы қондырғылармен, манекендермен және муляждармен жарақтандырылған кабинеттерде өткізіліп, дәрігерлер өздерінің тәжірибелік машықтарын дәлелдейді.
Сондай-ақ, Салидат Қайырбекова жергілікті жерлерде мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешуде қандай іс-шаралар атқарылып жатқанын баяндады. 2014 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру қорытындысында алдын ала мәліметтер бойынша медициналық мамандар жетіспеушілігі 30% төмендейді. Айта кететін жайт, салада мамандар негізінен ауылдық жерлерде жетіспейді. Осыған орай вице-министр студенттерді оқуларын аяқтаған соң ауылдық жерлерге жұмысқа баруға шақырды. «Ауыл - осында отырған көпшілігіміз үшін туып-өскен мекеніміз. Ана-ана, туған-туыстарымыз сонда тұрады. Сонымен қатар, ауылда жұмыс істеу жас мамандар үшін үлкен мектеп екенін де ескеру керек»,-деді ол.
Министр сондай-ақ, мамандардың біліктіліктерін арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Республикалық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын мамандардың кем дегенде 20% оқыту қарастырылған, яғни 5 жыл ішінде еліміздің барлық медициналық қызметкерлерін ел ішінде, шетелдерге жіберіп немесе үздік халықаралық мамандарды шақырып, оқытып шығаруға болады. Соңғы 3 жыл ішінде республикалық ұйымдарда 100 мыңнан астам маман біліктіліктерін арттырды. Шетелдерге 600-ден астам отандақ маман оқуға жіберілді. Олар негізінен: Жапония, АҚШ, Германия, Франция, Дания, Корея және басқа елдерге барып, білім алып қайтты.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді