Мәжілісмендер Венгрия қыпшақтарымен кездесті

22 Қазан, 2014 09:47
Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған мәжілісмендер делегациясы Венгрияға ресми сапар барысында Карцаг қаласында болып, «Венгрия қыпшақтар одағы» өкілдерімен кездесті.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың венгерлік қыпшақтардың құрметті көшбасшысы екенін еске алған Мәжіліс Спикері, алдағы уақытта да екі ел басшыларының арқасында Қазақстан мен Венгрия арасындағы стратегиялық әріптестік тамырының тереңдей түсетініне сенім білдірді», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Венгрияның Еуропа және Азия халықтарына қосқан үлесі талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар