- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаттың вице-спикері БҰҰ бас хатшылығының тең төрағасымен кездесті
Сенаттың вице-спикері БҰҰ бас хатшылығының тең төрағасымен кездесті
«Ескертуші дипломатия орталығының халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткі саудасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі қосқан үлесін жоғары бағалай отырып А.Бейсенбаев Орталыққа БҰҰ өзге де ұйымдары, халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қатынас мүмкіндіктері мен сараптамалық ресурсты пайдалана отырып өңірде интеграциялық процестерге ат салысуға шақырды», - дейді Сенаттың баспасөз қызметі.
А.Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Алматыда БҰҰ өңірлік орталығын құру туралы бастамасын еске салды. «Біздің ұстанымымыз Вена мен Бангкок арасындағы ұлан-ғайыр жерде БҰҰ-ның нақты жұмыс істейтін маңызды өкілдігінің жоқтығы тұрғысынан өте маңызды. Бүгінде Алматыда БҰҰ-ның ұйымдары, бағдарламалары, арнайы мекемелері мен қорларының 18 өкілдігі жұмыс істеуде. Соның көпшілігі қазіргі таңда өңірлік және субөңірлік дәрежеге ие», - дейді Сенаттың вице-спикері.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясындағы мәдениет пен өркениеттің жаһандық диалогының қазақстандық жобасын қонақтарға таныстыра отырып А.Бейсенбаев БҰҰ Өркениеттер альянсы мен дінаралық съезінің басын қосатын мақсаттардың ортақтығын тілге тиек етті.
Хабарламада айтылғандай, М.Енча Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздану мен дінаралық және ұлтаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда