Ұ. Қарабалин: Бензин бағасы жыл соңына дейін көтерілмейді (Фото)

21 Қазан, 2014 17:03
Қазақстандық жанармай бекеттерінде 2014 жылдың соңына дейін баға көтерілмейді, деді бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин.

БАҚ өкілдері Ұ.Қарабалинге көптеген жанармай бекеттері өз жанармайларын сақтап, аз-аздан сатуда, оны олар баға көтерілгеннен кейін саудаға шығармақшы екені туралы сұрақ қойды. Бірінші вице-министр атап өткендей, мұндай әрекеттерге шектеу қойылған және бензин бағасы 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады.

«Кейбір компаниялардың жанармайы жеткілікті, алайда олар оны саудаға шығармауда. Шын мәнінде бұл бизнес қадам. Әр адам сақтауға және сатуға құқылы. Жанармай бекеттері банктерден несие алады, сөйтіп өздеріне керек мұнай өнімін сатып алады,  оның керек мөлшерін қажетті уақытқа дейін сақтап саудаға шығарады. Бұл мәселеге келгенде біз оларға бәрін бүгін сат деп айта алмаймыз. Сондай-ақ өте көп сақтауда шығынға батыруы мүмкін. Менде 1 қаңтарда бензин қымбаттамауы мүмкін деген күдік бар, сондықтан кейбіреулер шығынға ұшырауыда мүмкін»,- деп сендірді Ұзақбай Қарабалин.

Сонымен қатар, қайта құрылған мұнай және газ министрлігінің экс министрі «күнделікті түңгі 3-ке дейін мұнай, газ  өндіру бойынша барлық кен орындарынан мәлімет келіп түсетін ақпараттық -сараптамалық орталықтың» бар екені туралы хабарлады. Барлық жан-жақты ақпаратты бірінші вице-министр таңғы 07.20 алады.

«Мен барлық кен орындар бойынша мәлімет аламын. Сондай-ақ, зауыттар бойынша мәліметтер де келеді. Бұдан басқа, біз әр аймақтағы жанармай қорын да қадағалап отырамыз. Егер, оның көлемі төмендеп кеткен өңірлер болса дереу шаралар қабылдаймыз. Жалпы, бір жерде соншалықты көп жанармай қоры сақталады деп айту қиын, негізі бар өнімді уақытында саудаға шығарған жөн»,- деп түйді Қарабалин.

Индира Кауметова

Суретті түсірген Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар