- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2015-2019 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша кешенді жоспар жасақталды
Қазақстанда 2015-2019 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша кешенді жоспар жасақталды
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2015-2019 жылдар аралығында жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша кешенді жоспар жасақталды. Оның негізгі мақсаты жеңіл өнеркәсіптің әлеуметтік тиімділігін арттыру арқылы бәсекеге қабілеттілігін көтеру. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жоспарында мыналар негізгі бағыт ретінде көрсетілген: өндірісті жаңғырту, мемлекеттік сатып алу және қазақстандық қамту саласындағы экономикалық шаралар жүйесін жүзеге асыру, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, ғылым мен инновацияны дамыту, сала кәсіпорындарын қаржылай сауықтыру және дағдарыстан кейін көтеру», - деп түсіндірді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, аталмыш саланың тоқырап қалуының басты себебі кәсіпорындардың айналымға салатын қаржысы қалмаған, Қырғызстан Республикасында заңсыз түрде терілер реэкспортталады, салалық ғылымда дамымай қалған. Оның үстіне, жұқа теріге де квота қою мүмкін болмай отыр.
А. Ержанов есептеуінше, орын алған жағдайдан шығарар амал ІҚМ терісінің экспортына тыйым салу және жұқа теріге квота белгілеу.
«Бұл шараларды қабылдау мынадай жетістіктерге жетуге септігін тигізеді. Мақтаны өңдеу 5 мың тоннада 50 мың тоннаға жылына артады, былғары және соған жатқызылатын өнімдерді өндіру 500 млн шаршы дециметрге немесе 50% артады. Сонымен қатар, жаңа өндіріс ошақтарын ашу арқылы жұқа теріні алғашқы өңддеу көлемі жылына 15 мың тоннаға жеткізіледі», - деп түсіндеді А.Ержанов.
Индира Кауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі