• Басты
  • Павлодар облысында бие сүті құрғақ түрде өндіріледі
25 Қазан, 2014 18:04

Павлодар облысында бие сүті құрғақ түрде өндіріледі

Павлодар облысы Лебяжинск ауданынан «Алтай» шаруа қожалығы биенің сүтін құрғақ күйінде дәрі тәріздес етіп шығару өндірісін құрастырмақ, деп хабарлады ҚазАгро.

Павлодар облысында бие сүті құрғақ түрде өндіріледі | Strategy2050.kz

«Соңғы екі ай бойы «Алтай» ШҚ Орталық Азияда Неміс елінің экономикасы өкілдігімен бие сүтін құрғақ күйінде дәрі тәріздес етіп шығару құрал-жабдықтарын сатып алуға көмектесу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұндай құрал-жабдықтың алдын - ала құны 250 000 евро, ол соманы шаруашылық қаржылық институттарының бірінде несие ретінде алуды көздеп отыр», - делінген хабарламада.

2013 жылы шаруашылықта «жылына қуаттылығы 200 тонна бие сүтін қайта өңдеуді ұйымдастыру» қымыз цехын кеңейту бойынша инвестициялық жоба дайындалды. Бұл жоба негізінде мал шаруашылығы комплексін салу, жалпы құны 75 млн теңгені құрайтын 300 бас биелерді сатып алу жоспарлануда. Қазіргі таңда мал шаруашылығы базасын кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары және ауылшаруашылық техниканы сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 «Алтай» ШҚ 1992 жылдан бастап Лебяжинск ауданының Қазы Малыбай ауылдық өңірінде қызмет атқаруда. Негізгі қызметі – жабы тұқымдас жылқыларды өсіру. Шаруашылықта олардың 680 басы бағылуда. ШҚ иесі Мүкин Сәтпек Айқошқарұлы. Шаруа қожалықта 20 адам жұмыс жасайды.

Өнім Ресей, Латвия, Германия елдерінде сұранысқа ие болып, спорт және бала тамақ өнімдерін өндіруде  кең пайдалануда.

 «Алтай» ШҚ Берлин қаласында «Жасыл апта» атты жыл сайынғы көрменің қатысушысы болып табылады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды