• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Қазақстан мен Германияның ғарыш саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Астанада Қазақстан мен Германияның ғарыш саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

21 Қазан, 2014 19:23
Астанада Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Герман Бірлескен комитетінің 3-ші отырысы өтті, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.

«Шараға  Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш), «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ өкілдері, ал Герман тарапынан Герман аэроғарыш орталығы (DLR),  Airbus Defence and Space және Industrieanlagen-Betriebsgesellshaft mbH (IABG) өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Бірлескен комитеттің отырысында Тараптар Жерді қашықтықтан зондтау, спутниктік навигация, ғарыш аппараттарын және басқа да ,Ғарыш техникасын жасау салаларындағы мүмкін болатын ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстандық және герман ұйымдарының мамандарымен ғарыш қызметі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың нақты мәселелерін пысықтау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сондай-ақ, Бірлескен комитет отырысы шеңберінде Герман тарапымен дайындалған «Радарлы спутниктар арқылы Жерді қашықтықтан зондтау» тақырыбында семинар өтті.

Герман тарапымен радарлық спутниктарды пайдаланудың жоғары экономикалық тиімділігін көрсететін материалдар ұсынылды.

Семинар жұмысына Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің өнімдері мен қызметтерінің ақырғы потенциалды тұтынушысы болып табылатын еліміздің экономикасының әртүрлі саласынының өкілдері қатысты.

Барлық жаңалықтар