• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елдің халықаралық резерві 2014 жылдың басынан бері 9 пайызға өсті – Ұлттық банк

Елдің халықаралық резерві 2014 жылдың басынан бері 9 пайызға өсті – Ұлттық банк

21 Қазан, 2014 13:08
Елдің халықаралық резерві 2014 жылдың басынан бері 9 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Осы жылдың қыркүйек айында Ұлттық банктің халықаралық резерві ұлғайды. Ұлттық банктің халықаралық резерві жыл басынан бері 12 пайызға, елдің халықаралық резерві 9 пайызға өсті. Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 0,8 пайызға көтеріліп 28 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Қ. Келімбетов.

Жалпы, елдің халықаралық резерві 104 млрд долларды құрады, оның ішінде ұлттық қорға 76,2 млрд теңге тиесілі. «2014 жылдың қыркүйек айында ақша құны 13 трлн 466 млрд теңгені құрады, жыл басынан бері 16 пайызға өсті», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Қаңтар-қыркүйек айларында инфляция 5,9% құрады. Жылдық өлшем бойынша, қыркүйек айында инфляция 7,4 % болды.

Сондай-ақ, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жүргізіліп жатқан үрдістер 6,6 млрд долларды құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. «Ағынды үрдістердің өсімі сауда балансының өсуіне тікелей байланысты, ол 17,4 пайызға немесе 22,6 млрд долларға өсті. Экспорттың 2 пайызға, 42,2 млрд қысқаруына байланысты, импорт 17,8 пайызға 19,6 млрд долларға қысқарды», - деді ол. 

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар