СІМ-де Қазақстанның БҰҰ Орталығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

21 Қазан, 2014 17:19
ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысының Арнайы өкілі, Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ Аймақтық Орталығының Басшысы Мирослав Енчамен кездесті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

«Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Орталығымен ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда Ауғанстанда орын алған мәселелер аясында Орталық Азиядағы жағдайдың қазіргі жағдайы мен болашағы, Арал теңізі бассейніндегі трансшекаралық су-энергетикалық ресурстарын басқару және басқа да өзекті мәселелер талқыға салынды», - делінген хабарламада.

Әңгімелесуші тараптар Орталықтың өңірлермен өзара ықпалдастықтың белсенді қарқынын атап өтті. «Орталық БҰҰ-ның аймақта қатысуын айтарлықтай күшейте түсті. Бізге жалпы Орталық Азия өңірі үшін өзекті болып табылатын мәселелерді шешу жолдарын, соның ішінде аймақта пайда болып отырған сындарға дер кезінде және тиімді әрекет ету бойынша күш-жігерімізді нығайта беру қажет», - деді Е.Ыдырысов.

Қазақстан Сыртқы саяси ведомство басшысы трансшекаралық қылмыспен, соның ішінде лаңкестікпен, экстремизм мен заңсыз есірткі айналымына қарсы, сондай-ақ Ауғанстан мәселелесін қадағалап отыру бойынша Аймақтық орталықтың белсенді қызметін оң бағалады. Бұл орайда ол Орталық Азия және Ауғанстанда лаңкестікпен күрес жөніндегі БҰҰ аясында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары Кеңесінің (АӨСШК) әлеуетін кеңірек қолдану қажеттігін ұсынды.

«Сонымен қатар, АӨСШК «Жаңа Жібек жолы» жобасын іске асыруға тартуға болады деп санаймыз, себебі бұл форумға Орталық Азия аймағының басым көп мемлекеті кіреді», - деп қосты ҚР СІМ басшысы.

Өңірлік ынтымақтастықты талқыға ала отырып, қазақстандық дипломат орталық азия өңірімен қатынастар ҚР сыртқы саясаты басымдылықтарының бірі болып табылатындығын атап өтті.

«Қазақстан өңірлік экономикаға инвестицияларды белсенді салып, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы Орталық Азия елдерінің күш қуатын біріктіру саясатын жүргізеді. Қауіпсіздік мәселелері, су-энергетика ресурстарын үнемді пайдалану, еңбек миграциясы және т.б. мәселелер біздің ерекш назарымызда», - деп айтты ол.

Келіссөздер аяқталысымен тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы толыққанды және жемісті ынтымақтастықты атап өтіп, Ұйымның басшылық етуші, мемлекеттерді қосушы, мәселелерді шешуде барлық мүше-мемлекеттердің өзара тең құқылы қатысуын қамстамасыз ететін ролінің маңыздылығын ерекше атап өтті және өңірде көбейіп жатқан қауіп-қатерлер аясында Алматыда БҰҰ Өңірлік ХАБ құру бойынша ҚР бастамасын оң бағалады.

Барлық жаңалықтар