- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Қабылдин: ҚазТрансОйл акциялары қазақстандық қор нарығындағы ең өтімді құнды қағаздар
Қ.Қабылдин: ҚазТрансОйл акциялары қазақстандық қор нарығындағы ең өтімді құнды қағаздар
Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Қайыргелді Қабылдин хабарлады.
2012 жылы «ҚазТрансОйл»АҚ өзінің барлық қарапайым акцияларын «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында қор биржасына орналастырды. Қ. Қабылдинның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында» ІРО - ол бірінші кезекте мемлекет байлығын халыққа бөліп беру деп көрсетілген.
«Өткен жылы болған жақсы қаржылай көрсеткіштердің арқасында біз дивидендтерді төлеу үшін 41,9 млрд немесе 1 акцияға 109 теңге аудардық. Бүгінде «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары қазақстандық қор нарығында ең өтімді құнды қағаздар болып табылады. Күнделікті КТО-ның акция саудасының көлемі қазақстандық биржадағы сатылатын құнды қағаздар көлемінің 30%-нан кем емес», - деп сендірді ол.
Естеріңізге сала кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы. КТО-ның 5,5 км мұнай құбыры, 2,1 км-ден астам магистралды су құбыры мен 8 мыңнан астам жұмысшысы бар. Оның өндірістік нысандары еліміздің Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылордай, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Индира Кауметова
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек