• Басты
  • Қызылорда облысында қызыл мияны қорғау мәселелері талқыланды
24 Қазан, 2014 12:18

Қызылорда облысында қызыл мияны қорғау мәселелері талқыланды

Облыс әкімдігінде қызыл мияны қорғау мәселелері жөнінде кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиында өңірдің шипалы өсімдігі саналатын, Сырдың алтын тамырына айналған қызыл мия тамырларын заңсыз жинауды тоқтату, алдын алу және тосқауыл қою мәселелері талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қызылорда облысында қызыл мияны қорғау мәселелері талқыланды | Strategy2050.kz

Облыс басшысы бұл емдік өсімдіктің косметикалық, фармацевтикалық және басқа да өндіріс салаларында кеңінен қолданылуына байланысты қызыл мияға деген әлемдік нарықтағы сұраныстың жоғары екенін атап өтті.

«Заңсыз мия тамырын жинаушылар мен тасымалдаушылар жайылымдардың жон арқасын қопарып, қызыл мия тамырын қазып алу арқылы табиғатты аяусыз тонап жатыр. Бұл емдік өсімдікті Қазақстан жерінен жаппай терудің басталу себебі қызыл мия тамырын негізінен өндіруші Қытай, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан жерлерінде өсімдік қорының азаюынан болып отыр. Дегенмен, біз табиғи байлықтарды талан-таражға түсірмей, келешек ұрпақ үшін көздің қарашығындай сақтауға міндеттіміз»,-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, облыстық жер қатынастары басқармасы, прокуратура және басқармалардың басшылары өңірдегі қызыл мияның қоры жөнінде есеп беріп, оларды қорғау туралы бірқатар шараларды ұсынды. Облыс аумағынан қызыл мия тамырын шығаруға уақытша тыйым салу, заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын әзірлеу, өсімдікті жинау мен өңдеуге лицензиялауды енгізу сияқты шаралардың қажеттілігі айтылды.

Жиналысты қорытындылай келе, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы қызыл мия тамырының заңсыз қазылуы мен тасымалдануын тоқтату үшін  құқық қорғау және құзырлы органдардың арнайы бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды