- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да Австриямен арадағы екіжақты тиімді ынтымақтастық талқыланды
СҚО-да Австриямен арадағы екіжақты тиімді ынтымақтастық талқыланды
Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Австрия арасындағы тауар айналымы 10 есе ұлғайыпты. Өткен жылы екi жақты сауда қатынастарының көлемi 1 млрд 700 млн. еуроны құраған. СҚО екi ел арасындағы әрiптестiкке өз үлесiн қосуды жоспарлап отыр. Өңiрiмiзде ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған. Сондықтан осы бағытта әрiптестiк орнатуға мол мүмкiндiктер бар.
«Бiзге ауыл шаруашылығы өнiмдерiн экспорттау үшiн барлық мүмкiндiктер жасалған. Бұл сала бiзде әзiрге 35–40 пайызды құрайды. Десе де, одаққа кiрудiң арқасында бұл көрсеткiштердi әлi де болса жақсартуға болады. Өнiмдерiмiзге деген талап та өзгерiп, бәсекеге қабiлеттiлiк арта түседi. Облысымызда сүт және ет өңдеу саласы қарқынды дамыған, сондай-ақ инновация, жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңа өнiм түрлерiн шығаруға болады. Сондықтан бiз мал және ауыл шаруашылығына басымдық берiп отырмыз», — дедi өңiр басшысы.
Австриялықтар пайдалы қазбаларды игеру мен машина жасау саласында да әрiптестiк орнатуға болатындығын айтты. Михаэль Мюллер iс сапары барысында өңiрiмiздегi бiрқатар өндiрiс ошақтарын аралады. Сондықтан ол машина жасаудың екi ел үшiн де келешегi зор екендiгiн айтты.
«Машина жасау саласында әрiптестiк орнатудың келешегi зор. Өйткенi бұл үшiн барлық алғышарттар жасалған. Сондықтан ендiгi мақсат — кәсiпкерлерiмiздiң осы нарықты меңгерiп, сiздердiң кәсiпкерлерiңiзбен танысуына жол ашу», — дедi Михаэль Мюллер.
Жиын соңында өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов австриялық кәсiпкерлердi қараша айында өтетiн инвесторлардың форумына шақырды. Сол жерде екi елдiң кәсiпкерлерiне әрiптестiк орнату мен инвестиция бойынша мәселелердi жан-жақты талқылауына мүмкiндiк ашылмақ.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
COVID-19: «Sinovac» вакцинасының тиімділігі -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Hayat Vax вакцинасы: тиімділігі мен қауіпсіздігі -
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық