- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстандағы жарық техникасы саласының келешегі мен келелі мәселелері талқылануда
Астанада Қазақстандағы жарық техникасы саласының келешегі мен келелі мәселелері талқылануда
Конференцияны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы және Ғаламдық Экологиялық Қор «Қазақстан Республикасындағы энергиямен тиімді жарықтандыруды ілгерілету» жобасын дамыту аясында ұйымдастырып отыр.
Бүгінгі таңда қарқынды дамып отырған тиімді энергиямен жарықтандыру саласында жан-жақты талқылауды талап ететін жаңа сұрақтар көптеп туындауда.
Министрлікте хабарлағандай, конференцияның басты мақсаты жарық техникасы саласын дамытудың жолдарын анықтау мен тиімді энергиямен жарықтандыруды ілгерілету болып табылады.
Конференция барысында көршілес елдердің тиімді энергиямен жарықтандыруға көшудегі жоспарлары мен тәжірибелері ұсынылып, аталған жүргізілген зерттеулердің нәтижелері және құрамында сынабы бар пайдаланылған лампаларды кәдеге жарату мәселелері талқыланады.
Конференция жұмысына ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен депутаттар қатысады.
Конференция барлық мүдделі тұлғаларға отандық жарық техникасы өндірісін дамытуды талқылауға қатысып, өздерінің ұсыныс-кеңестерімен бөлісуге мүмкіндік береді.
ҚР Парламентінің депутаттары, Астана қаласының жергілікті билік орындарының, ТКШ Ұлттық палатасының, Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институтының (КазИнСт), Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу жобалық-құрылымдылық жарық техникасы институтының (ВНИСИ), Жарықдиодтық технологиялар орталығының (Беларусь), Еуразиялық жарықдиодтық технологиялық платформасының, Ресейдегі БҰҰДБ-ның, ЖОО мен т.б. ұйымдардың өкілдері қатысады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады