Жаңа автокөліктер енді техникалық байқаудан өтпейді – ИДМ

21 Қазан, 2014 09:32
20 қазанда «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Заң коммерциялық емес автокөліктер үшін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізудің жаңа тәртібін қарастырған. Енді шығарылған жылын қоса алғанда, 4 жыл болған жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелері міндетті қарап тексеруге жатпайды.

Бұдан былай, техникалық қарап тексеруден өткізу кезінде көлік салығын төлеу туралы құжатты операторға ұсыну талап етілмейді: тек автомобильдің өзін және оның техникалық төлқұжатын ұсынсаңыз жеткілікті болады.

Сонымен қатар, техникалық қарап тексеру туралы куәліктің қағаз бланкілерін беру жойылды. Операция ойдағыдай өткен жағдайда көлік иесіне диагностикалық карта беріледі. Өз кезегінде, техникалық қарап тексеруді өткізуді тексеру бірыңғай ақпараттық жүйеге сұрату арқылы орындалады.

«Сонымен бірге, Мемлекет басшысының жақындағы тапсырмасына сәйкес міндетті техникалық қарап тексеру 7 жылдан кем автомобиль үшін тоқтатылатын болады. Жол жүрісі туралы заңға тиісті түзетулерді осы жылдың соңына дейін енгізу жоспарлануда», - деп хабарлады министрлік. 

Барлық жаңалықтар