- Басты
- Жаңалықтар
- Этнографиялық экспедициясының қатысушылары жүріп өткен жолдары туралы фильм түсіреді
Этнографиялық экспедициясының қатысушылары жүріп өткен жолдары туралы фильм түсіреді
20 Қазан, 2014 18:19
«Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясының қатысушылары жобаны аяқтағаннан кейін фильм, телебағдарлама мен «Менің елім» кітабын дайындайды. Онда жүріп өткен жолдарында алған әсерлерімен бөліспек. Бұл туралы «Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық жастар экспедициясының үйлестірушісі Евгений Рибалко мәлімдеді.
«Соңғы бейнеөнімге келер болсақ, менің ойымша, бұл өте құнды дүние болмақ. Қанша уақытқа созылатынын қазір дөп басып айта алмаймын, дегенмен материал өте көп. Мүмкін, бірнеше сериядан тұратын бейнеөнім болмақ, мүмкін толықметражды фильм болуы да ғажап емес», - дейді.
Сонымен қатар жетекшінің айтуынша, аталмыш дүние республикалық телеарналарда көрсетіледі.
«Менің ойымша, бұқаралық ақпарат құралдары аталмыш өнімді республикалық деңгейде насихаттамақ», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Менің елім - Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» жобасы қазақстандық жастардың басын біріктіріп, елдің көркем жерлерін насихаттау мақсатында қолға алынып отыр.
Индира Қауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері