- Басты
- Этнография экспедициясының алғашқы қатысушылары Қазақстан бойынша 10 мың шақырымды бағындырмақ
Этнография экспедициясының алғашқы қатысушылары Қазақстан бойынша 10 мың шақырымды бағындырмақ

«Менің Елім Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» жастар этнографиялық экспедиция командасы 1 қазанда Ақтау қаласынан басталды, енді қазақстандық жолдармен 10 мың шақырымды жүріп өтпекші», - дейді команда үйлестірушісі Евгений Рибалко.
Оның айтуынша, жоба қазақстандық жастарды еліміздің көркемдігі мен өзіндік ерекшеліктері туралы ортақ идеяларға біріктіру, бірыңғай татулық пен келісім құндылықтары негізінде қоғамда патриоттық көңіл-күйді арттыру мақсатында іске асырылуда.
«Экспедиция құрамында этнограф, фотограф, журналист, блогер, артист, бейне-оператор, медицина қызметкері, сондай-ақ экспедицияның әкімшілігі, жүргізуші және техникалық қызмет өкілдері бар. Командадағы барлық адам саны – 20. Экспедицияның бағыты: Ақтау – Атырау – Орал – Ақтөбе – Қостанай – Петропавл – Көкшетау – Қарағанды – Павлодар – Өскемен – Алматы – Тараз – Шымкент – Қызылорда – Ақтау – Астана қалалары», - дейді ол.
Жобаның соңында «Менің елім-Мәңгілік ел» экспедициясына қатысушылар фильм, хабар дайындап, бүкіл елімізді аралаған сапар кезінде алған әсерлері, Қазақстанның барлық 16 өңірі табиғатының көрнекті жерлері туралы «Менің елім» фотокітабын шығарады
Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев Ақтау қаласында экспедицияға сәт-сапар тілей отырып, патриотизмді нығайту және еліміздің туристік әлеуетін дамытуға осындай бастамалардың маңыздылығын атап өткен болатын.
Индира Қауметова
-
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында
-
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы
-
Қазақстанда ғылымның дамуына әсер еткен жаңа технологиялар
-
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
-
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді
-
Қазақстан экономикасын цифрландырудың жаңа міндеттері
-
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы
-
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек
-
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды
-
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды
-
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Қазақстанда аутизм диагнозы бар балалар көбейді

