• Басты
  • Энергетика министрлігі KEGOC-қа энерго нысандардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы туралы паспорт берді
24 Қазан, 2014 17:18

Энергетика министрлігі KEGOC-қа энерго нысандардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы туралы паспорт берді

ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (ЭМ АЭҚБК) «KEGOC» АҚ-ның 2014-2015 жылдары күзгі-қысқы маусымдағы жұмыстарға дайындығы жөніндегі паспортын берді.

Энергетика министрлігі KEGOC-қа энерго нысандардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы туралы паспорт берді | Strategy2050.kz

««KEGOC» АҚ белгіленген мерзімде электр жеткізу желілерге жоспарлы жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындады, апаттық қор құрылғыларды, материалдарды және запас бөлшектерді толықтырды, трансформатор майының және ЖЖМ (жану және жағу материалдары) қажетті запастарын жинақтады», - делінген хабарламада.

Дәл қазіргі уақытта, ұзындығы 2789,5 шақырымға созылатын 220-500 кВ электр жеткізетін 113 әуе желісіне және 220-500 кВ қосалқы станцияларының 86 құрылғы нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

Естеріңізге сала кетейік, KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды