Алматы қаласының бюджеті 99,7%- ды құрады – әкімдік

20 Қазан, 2014 18:47
Алматы қаласы Қаржы басқармасының бастығы Айман Әбдіқадырованың хабарлауы бойынша, 9 айдың ішінде қала бюджеті 99,7%-ды құраған.

«ҚР Статистка Агенттігінң мәліметі бойынша Алматыда ЖӨӨ көлемі бірінші жартыжылдықта өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,3%-ға жеткен. Дегенмен, әлемдік шикізат нарығындағы кейбір жайттарға байланысты сыртқы сауда айналымында төмендеу көрініс тапқан», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Қала басшысы Ахметжан Есімов үстіміздегі жылды ойдағыдай аяқтап, 2015 жылды дұрыс бастау міндетін алға қойды.

«Біге мегаполистің спецификасын ескере отырып, өзіміздің Дағдарысқа қарсы қалалық жоспарымызыды жасауға тиіспіз. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша қала өсімнің оң динамикасы қалыптасқан, оны жыл аяғына дейін сақтап қалып, 2015 жылды жақсы көрсеткіштермен бастауымыз қажет», - деді Ахметжан Есімов.

Қала әікімі ол үшін Мемлекет басшысының кіші және орта бизнесті қолдау жөніндегі шешімін толық қамтамасыз етуді, инвестиция тартуды, орталық органдар өкілеттілігін жерлігікті органдарға беруді айтты.

Жиын барысында қала басшысы әлемдік экономикада болып жатқан бірқатар процестерге және энергоресурстарға деген бағаның төмендеуі салдарынан бюджеттік шығындардың қысқаруы мүмкін екенін ескере отырып, қаржыны мақсатты пайдалануға бақылауды күшейту қажеттігін атап көрсетті.

Барлық жаңалықтар