• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысының мұнай компаниялары кәсіптік техникалық білім беру колледждерін құруға қатысады

Қызылорда облысының мұнай компаниялары кәсіптік техникалық білім беру колледждерін құруға қатысады

21 Қыркүйек, 2013 12:06
Қызылорда облысының мұнай компаниялары аймақта кәсіgтік техникалық білім беру колледждерін құруға қатысады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан -2050» жаңа бағыты бойынша инжинерлік және заманауи техникалық мамандықтардың жүйелік оқытылуына халықаралық дәрежеде сертификат берілуі негізгі бастамалардың бірі болып саналады. Экономиканың жаңғыртылуы мен жаңаруы үшін жаңа кадрлардың дайындығы керек.  

«Қазатомпром» Ұлттық компаниясы және облыстың өзге мұнай компаниялары кәсіптіктік техникалық жүйе бойынша білім беретін колледждердің пайда болуына үлес қосатынына дайын екендігін мәлімдеді. Мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың ынтымақтастығы үлкен жетістікке жетуі мүмкін.  

Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында  халықаралық дәрежедегі мамандарды дайындау көзделіп отыр. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ және Байқоңыр МАИ филиалының базасында да аталмыш үрдіс жүзеге асырылады.

 

 

Барлық жаңалықтар