- Басты
- Жаңалықтар
- ШОБ-ті қолдау бағдарламасы аясында тамақ өнеркәсібіне 25 млрд теңге бөлінді (ФОТО)
ШОБ-ті қолдау бағдарламасы аясында тамақ өнеркәсібіне 25 млрд теңге бөлінді (ФОТО)
20 Қазан, 2014 13:14
Тамақ өнеркәсібі саласында жаңа кәсіпорындар ашу үшін 25 млрд теңге бөлінді, дерек бойынша 25,5 млрд немесе 102 пайыз қамтамасыз етілді. Салалық тұрғыда тамақ өнеркәсібі көш бастап тұр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.
«Салалық тұрғыда тамақ өнеркәсібі көш басында, екінші орында құрылыс материалдардың өндірісі тұр. Сондай-ақ, бағдарлама аясында химия өнеркәсібі, машина жасау сынды салалар қаржыландырылды», - деді холдинг басшысы.
Оның айтуынша, 38,1 млрд теңгенің 172 жобасы немесе Ұлттық қордың 38 пайызы қаржыландырылды. Оның ішінде ұн, алкоголсіз ішімдік, нан-тоқаш өнімдері, етті консервілеу бар.
Айта кетейік, құрылыс материалдарын өндіру екінші орында тұр. Бұл салада 23 млрд теңгеге 90 жоба қаржыландырылды.
Ол жобалардың ішінде Ұлттық қордан қолдауға ие болған металлургия саласы, машина жасау, химия, ағаш өңдеу, текстильді өнеркәсіп, жиһаз шығару өндірісі.
Индира Қауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді