• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық қордан ШОБ-ті қолдауға бөлінген 100 млрд теңге игерілді – Қ.Бишімбаев

Ұлттық қордан ШОБ-ті қолдауға бөлінген 100 млрд теңге игерілді – Қ.Бишімбаев

20 Қазан, 2014 12:55
Өндірістік өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан бөлінген 100 млрд теңге толық игерілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

 «6 ай бұрын Ұлттық қордан біздің холдингке («Бәйтерек» холдингіне – агент. ескерт.) 100 млрд теңге бөлінген болатын. Президент тапсырмасына орай, сол 100 млрд теңге «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнес бағытында игерілуі керек болатын. Бүгінгі таңда баса айта кетерлігі, 100 млрд теңге толық игерілді», - деді холдинг басшысы.

Оның айтуынша, жалпы, осы қаржы арқылы республика бойынша 437 кәсіпорын қаржыландырылды.

«Бағдарлама тәртібі бойынша 50 млрд теңге жаңа жобаларға бағытталуы тиіс, 10 млрд қаржының 50 пайызы ерте берілген несиелерді қайта қаржыландыру үшін қолданылуы керек. Жаңа жобалар аясында 25 пайыз тамақ өнеркәсібі саласындағы жобалар болуы керек», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, ШОБ-қа осыған дейін аталмыш қаржы ретінде көмек көрсетілмеді.

«Айта кетерлігі, 6 пайыз 10 жылдық уақытқа беріледі. Бұл тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асты. 6 пайыздық көрсеткіш бұл нөлдік ставкаға пара – пар келеді. Алынған несиелік ресурс жыл сайынғы бағаның өсіміне сәйкес келіп отырады», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар