Финдық «смарт қала» Оулуға қазақстандық делегация іс-сапармен барды

20 Қазан, 2014 16:17
Астананың бауырлас қаласы, ең белгілі финдық «смарт қаласы» Оулу осы жылғы 15 қазанда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Директорлар кеңесінің Төрағасы Н.Қаппаров, Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Сағадиев, «Астана ЭКСПО-2017» және «Sembol Construction» компанияларының басшылығы құрамында Қазақстанның делегациясын қабылдады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Өткізілген кездесулердің басты тақырыбы технологиялық парктерді құру мен басқару бойынша фин тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар Астанадағы болашақ ЭКСПО көрме кешенін пайдалану шеңберінде болды.

«Кездесу барысында Оулу қаласының әкімі М.Пеннаненнің басшылығымен фин тарапы «смарт» бизнес-инфрақұрылымда ұйымдастыру, технологиялық паркктерді дамыту мен инновациларды мемлекеттік қолдау саласындағы өздерінің ноу-хаумен бөлісті», - делінген хабарламада.

Осы саладағы жетекші «Technopolis» компаниясы инновациялық ортаны құру тәжірибесі туралы, мемлекет, бизнес және білім-зерттеу құрылымдардың үйлестірілген жұмысының маңыздылығы туралы толық презентацияны ұсынды. Қазақстандық делегациясының назарына Оулу қаласының технологиялық паркінде орналастырылған фин компанияларының бірқатар жаңа зерттеулері ұсынылды.

 

 

Барлық жаңалықтар