- Басты
- Жаңалықтар
- Лондонда Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіп кеңесінің отырысы өтті – СІМ
Лондонда Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіп кеңесінің отырысы өтті – СІМ
Ведомствода хабарлағандай, ҚР Инвестиция және даму министрінің орынбасары Е.Сағадиев басқарған Қазақстанның ресми делегациясының құрамында ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Инвестиция және даму министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, «Kaznexinvest» ұлттық агенттігі, «Астана-ЭКСПО» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» холдингі, Қазақстан машина жасаушыларының одағы, Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының өкілдері болды.
Қазақстан-Британ сауда-өнеркәсіптік кеңесінің кезекті 18-отырысының күн тәртібінде екіжақты сауда-экономикалық ықпалдастықтың ағымдағы ахуалы мен келешегі, ҚР Инвестиция және даму министрілігің жанындағы «Kaznexinvest» экспорт және инвестиция ұлттық агенттігі мен Ұлыбританияның Ұлттық Сауда және инвестиция агенттігінің арасындағы басымды инвестициялық жобалар, Мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын дамыту, ҚР Ұлттық банкі мен Лондон Ситиінің арасында Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы және исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша ынтымақтастық, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластерді жасақтауға британдық жетекші тау-кен, металлургиялық, мұнай және газ компаниялары мен геологиялық ғылыми-зерттеу институттарын тарту, осы салада мамандарды дайындау секілді басымды бағыттар қамтылды.
Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне туристерді тарту, көрме өткізілгеннен кейінгі құрылыс нысандарын қайта пайдалану бойынша британ тәжірибесін зерттеу, Қазақстанды әлемде танытатын іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері пысықталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады