Қазғарышта апаттар кезінде жедел шақыру жүйесі құрылды

20 Қазан, 2014 10:27
Ө.М. Сұлтанғазин атындағы Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығында спутникті технологиялар навигациясы негізінде апаттар кезінде жедел шақыру және аппаттарға әрекет ету жүйесінің жұмыстары орындалды, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.

«Борттық терминалдар жүйесі автокөліктерде орнатылады және апаттар жағдайында диспетчерлік орталыққа автокөліктің және апат болған жерінің координаттары бойынша деректерін автоматты түрде айтуға, диспетчерлік пунктпен жедел дауыс байланысын орнатуға мүмкіндік береді әрі тиісті құтқару қызметінің жедел түрде әрекет жасауына жәрдемдеседі», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта техникалық құжаттамалар және АЖШАЖ терминалының борттық жүйесінің 10 тәжірибелік үлгілері әзірленген.Жүйенің сынақтары көрсеткені бойынша, техникалық мінездемелер Кедендік одақтың Техникалық регламентінің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Сарапшылардың пікірінше, Ұлттық орталық әзірлемелері осы ғылыми сыйымды өнімнің өндірісін Қазақстанда ұйымдастыруға қою үшін мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар